❝Ілім – жүрекке жарық, ақылға шам.❞
     Ахмет Ясауи

ОҚЫТУШЫЛАРЫМЫЗ «500 ҒАЛЫМ» БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ИЕГЕРІ АТАНДЫ

  • 30.12.2025
  • KZ
  • 32

image

Оқу орнымыздың 3 бірдей оқытушысы «500 ғалым» бағдарламасының иегері атанды.

Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның шешіміне сәйкес, 182 қазақстандық ғалымға әлемнің жетекші ғылыми және зерттеу орталықтарында ғылыми тағылымдамадан өту үшін степендия тағайындалды.

Аталған шешім аясында университетіміздің оқытушылары да ғылыми тағылымдамадан өту мүмкіндігіне ие болды. Олар

Медицина факультетінің магистр-оқытушысы Шойбек Азамат Маратұлы АҚШ-тың Калифорния штаты, Сан-Диего қаласындағы Калифорния университетінде «Медицина және қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы озық зерттеулер» бағыты бойынша;

Инженерия факультетінің техника ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Қазбекова Гулнур Нагиметовна АҚШ-тың Калифорния штаты, Дэвис қаласындағы Дэвис университетінде «Ақпараттық технологиялар» бағыты бойынша;

Еуразия ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қызметкері Ильясова-Шенфельд Арай Козыевна Канададағы Калгари университетінде ғылыми тағылымдамадан өтеді.

Бұл ғылыми тағылымдамалар халықаралық ғылыми ортада кәсіби біліктілікті арттыруға, жаңа зерттеу әдістерін меңгеруге, академиялық ынтымақтастықты кеңейтуге, сондай-ақ алынған тәжірибені университетіміздің білім беру және ғылыми-зерттеу қызметіне тиімді енгізуге зор ықпал етеді.

Әріптестерімізге ғылыми ізденіске толы жол, табысты тағылымдама және жоғары нәтижелер тілейміз!