❝Ілім – жүрекке жарық, ақылға шам.❞
     Ахмет Ясауи

УНИВЕРСИТЕТ ҰЖЫМЫ ЖАҢА ЖЫЛ ҚАРСАҢЫНДА АРНАЙЫ СЫЙ-СИЯПАТҚА ИЕ БОЛДЫ

  • 31.12.2025
  • KZ
  • 31

image

Жаңа жыл мерекесі қарсаңында университет басшылығы оқу орда қызметкерлеріне ерекше құрмет көрсетіп, мерекелік көңіл-күй сыйлады.

 

Атап айтқанда, университеттің барлық құрылымдық бөлімдеріне арнап 300-ге жуық жеміс-жидек себетін үлестірді. Мерекелік сыйлықтарды университет ректоры Жанар Темірбекова бірқатар бөлім ұжымына өзі табыстады.

Кездесу барысында ректор әр бөлімнің университет дамуына қосқан үлесін айтып, адал қызметі мен ерен еңбегі үшін алғыс білдірді. Сондай-ақ, оқу ордамыздың 2025 жылы қол жеткізген жетістіктерінің барлығы оқытушы-профессорлар мен қызметкерлердің тынымсыз еңбегінің нәтижесі екенін тілге тиек етті.

 

Жиын соңында университет басшысы ұжымға Жаңа жылда жаңа бастамалар, береке-бірлік пен толағай табыс тіледі. 

Осындай игі бастамалар ұжым арасындағы ынтымақты нығайтып, ортақ мақсат жолындағы серіктестікті арттыра түсері анық.