ҚЫСҚЫ МЕКТЕП: ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТАР КҮНІ ӨТТІ
Семинар спикері болған Халықаралық байланыстар департаментінің директоры Фуркат Дадажанов: «Халықаралық қатынастар – заманауи білім беру, ғылым және мәдениет салаларында университеттің халықаралық мәртебесін арттырудың маңызды факторы. Университетіміздің стратегиялық даму бағдарламасы аясында 2024-2026 жылдар аралығында білім беру сапасын, ғылыми зерттеулерді және халықаралық ынтымақтастықты жүйелі түрде нығайтуға бағытталған»,-деді.
Спикер Халықаралық байланыстар департаментінің стратегиялық негізгі мақсаты – оқу орданың халықаралық аренадағы беделін арттыру, шетелдік серіктестік желісін кеңейту және академиялық ұтқырлықты дамыту арқылы студенттер мен ОПҚ-ның білім мен тәжірибесін интернационалдандыру екенін айтты.
Сондай-ақ, жиын барысында негізгі бағыттар: Академиялық ұтқырлықты дамыту, Халықаралық серіктестік желісін кеңейту мен Халықаралық сертификатталған тілдік деңгейді арттыру жөнінде тың ақпараттармен бөлісті.
Сонымен қатар, «Орхун», «Erasmus +», «Визитинг профессор», екі жақты келісімдер, «Мевлана» сынды Академиялық ұтқырлық бағдарламалары туралы кеңінен айтты.
Айта кетейік, оқу ордамызда бұл бағдарламалар аясында жыл сайын 130-дан астам студент шетелде білім алу мүмкіндігіне ие. Сондай-ақ ,Ұлыбритания, АҚШ, Испания, Норвегия және Түркияның алдыңғы қатарлы университеттерінен танымал ғалымдар мен профессорлар шақырылып, дәріс өткізеді.
Жиын қатысушылары Академиялық ұтқырлық бағдарламалары аясында өзара талқылау жүргізіп, өзекті пікірлерін ортаға салды.
Семинар барысында халықаралық байланыстар саласындағы басым бағыттар айқындалып, академиялық ұтқырлықты дамыту, халықаралық серіктестікті нығайту және білім беру сапасын арттыру мәселелері кеңінен талқыланды. Семинар қатысушыларға тәжірибе алмасуға, жаңа бастамаларды талқылауға және университеттің халықаралық деңгейдегі даму бағыттарын айқындауға мүмкіндік берді.