❝Ілім – жүрекке жарық, ақылға шам.❞
     Ахмет Ясауи
ESC жабу үшін

IV YASAWI WINTER SCHOOL ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

  • 23.01.2026
  • KZ
  • 13

image

Бүгін екі аптаға созылған, оқу ордамыздың жарқын жобаларының бірі – «IV Yasawi Winter School» өз мәресіне жетті.

 

Оқытушы-профессорлар құрамы мен ғалымдардың кәсіби дамуына арналған айтулы жобада 20-ға жуық спикер маңызды тақырыптар аясында баяндама оқыды. Ал, 100-ге жуық ОПҚ мен ғылыми қызметкер, жас ғалым, магистр мен докторант тыңдаушы ретінде қатысты.

 

Университетіміздің оқытушы-профессорлар құрамы, ғалымдар мен әкімшілік қызметкерлерінің ғылым, академия, халықаралық байланыстар бойынша біліктіліктерін арттыру, ұжым арасындағы ынтымақтастық пен әріптестік байланыстарды нығайтуды мақсат еткен жоба жоғары деңгейде өтті.

 

Жиынның соңғы күнінде 5-модуль – «Ғылымдағы идеядан нәтижеге дейін» тақырыбына арналды. Экология ғылыми-зерттеу интситуты, PhD, профессор-зерттеуші Нұралы Акимбеков «Жарияланым қауымдастығындағы ЖИ: Тәуекелдер мен мүмкіндіктер» тақырыбында тың ақпараттар берді.

Қысқы мектептің алғашқы аптасында спикерлер: «Университеттің стратегиялық дамуы: зерттеу, академиялық үстемдік және институционалдық трансформация», «Академиялық үстемдік, білім беру бағдарламаларының сапасы», «Халықаралық ынтымақтастық, академиялық мобильділік және бірлескен жобалар», «Білім беру, ғылым және басқару процестерін цифрландыру және жасанды интеллектіні қолдану», «Жастар тәрбиесінде ұлттық және заманауи концепциялар»  тақырыптарын кеңінен қозғады.

 

Аталған бағыттар университеттің жаһандық білім кеңістігіндегі бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және сапалы адами капитал қалыптастыруға негіз болды. Сонымен қатар, бұл тақырыптар ғылым, білім және тәрбие үдерістерін заманауи талаптарға сай жүйелі түрде жаңғыртуға жол ашты.

 

Ал, екінші апта модульдер арқылы, елімізге белгілі, білікті ғалымдардың баяндамаларымен өрбіді. Жиындарда жас ғалымдар өз тәжірибелерін бөлісті. Модульдер барысында дәйексөздердің ғылыми әсердің маңызды көрсеткіші ретіндегі рөлі, ғылыми журналды дұрыс таңдау, мақаланы рәсімдеу талаптары мен оны журналға жіберу үдерісі жан-жақты түсіндірді. Сонымен қатар, сілтеме алатын сапалы ғылыми мақаланы дайындау жолдары, ғылыми нәтижелерге зияткерлік меншік құжаттарын рәсімдеу тетіктері, сондай-ақ жас ғалымның докторнатурадан кейінгі кезеңде жеке ғылыми брендін қалыптастыру мәселелері қозғалды.

 

Осылайша, IV Yasawi Winter School университетіміздің стратегиялық даму басымдықтарын жүзеге асыруға бағытталған маңызды академиялық алаңға айналды. Қысқы мектеп оқытушы-профессорлар құрамы мен ғалымдарымыздың ғылыми-зерттеу әлеуетін нығайтып қана қоймай, олардың халықаралық академиялық ортада бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, заманауи ғылыми талаптарға бейімделуіне және кәсіби өсуіне мүмкіндік берді.