❝Ілім – жүрекке жарық, ақылға шам.❞
     Ахмет Ясауи
ESC жабу үшін

БЕЛСЕНДІ СТУДЕНТТЕРІМІЗ ҰЛТТЫҚ ҚҰРЫЛТАЙДАҒЫ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРДІ ТАЛҚЫЛАДЫ

  • 23.01.2026
  • KZ
  • 13

image

Бүгін университетте белсенді студенттердің қатысуымен V Ұлттық құрылтайда көтерілген ауқымды әрі өзекті мәселелерді талқылауға арналған арнайы кездесу өтті.

 

Кездесуге Әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі вице-ректоры Еділ Мейірбекұлы, Жастар саясаты департаментінің қызметкерлері, Студенттік Парламент, Студенттік деканат, сондай-ақ «Шаңырақ» студенттік клубтар координациясының белсенділері қатысты.

 

Іс-шара барысында ел дамуының басым бағыттары, жастар саясаты, білім беру сапасы, ұлттық құндылықтарды сақтау және заманауи қоғам талаптарына бейімделу мәселелері кеңінен талқыланды. Құрылтайда көтерілген бастамалар мен ұсыныстардың маңыздылығына ерекше назар аударылып, олардың жастар арасындағы рөлі сөз болды.

 

Әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі  вице-ректор Еділ Төлегенов ұлттық құндылықтарды жүйелі түрде сақтау және насихаттау, білім мен ғылымды дамыту, жас ғалымдарға қолдау көрсету, заң мен тәртіп қағидатын сақтау сынды өзекті бағыттарға тоқталды.

 

Кездесу барысында қатысушылар өз ой-пікірлерін ортаға салып, қоғам дамуына үлес қосудың нақты жолдарын қарастырды. Сонымен қатар, белсенді азаматтық ұстаным қалыптастыру, елдік мүдде жолында жауапкершілік алу мәселелері де қозғалды.

 

Аталған іс-шара студенттердің қоғамдық-саяси үдерістерге қызығушылығын арттырып, олардың ел болашағына бейжай қарамайтын саналы тұлға ретінде қалыптасуына ықпал етті.