2026 ЖЫЛДЫҢ АЛҒАШҚЫ СЕНАТ МӘЖІЛІСІ ӨТТІ
Сенатта әуелі, университет ректоры Жанар Темірбекова Өнер медиа және дизайн факультеті, Орындаушылық өнер кафедрасының аға оқытушысы, ҚР білім беру ісінің үздігі Сабыр Мырзабекті мерейлі 70 жасымен, сондай-ақ Заң факультеті Конституциялық құқық және азаматтық құқық кафедрасы магистр аға-оқытушысы Меруерт Данишбаеваны 50 жас мерейтойымен құттықтап, сый-сияпат табыстады.
Күн тәртібіндегі мәселелер қаралды. 2025-2026 оқу жылындағы қысқы сессия қорытындысы туралы, 2024-2029 жылдарға арналған Даму бағдарламасының 2025 жылғы орындалуы туралы мәселелер бойынша баяндамалар тыңдалып, ұсыныстар айтылды.
Бұған қоса «Университеттің құрметті атақтарын беру туралы» ережесінің 5.1-бабына сәйкес университетіміздің «Құрметті профессоры» атағын беру туралы, Қорытынды аттестаттау комиссиясы төрағаларының есебін бекіту, Оқытушы-профессорлар құрамы дайындаған оқулық, оқу құралы мен монографияларын бекіту және баспаға ұсыну, Жоғары білімнен кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша диссертация, жоба тақырыптарына толықтырулар енгізу, Диплом үлгісін бекіту мәселелері талқыланды.
Жиын барысында Сенат мүшелерінің толық қолдауымен Ресей және Қазақстан халықаралық жоғары мектеп ғылым академиясының академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Әділ Ахмет білім мен ғылымның дамуына қосқан үлесі үшін университеттіміздің «Құрметті профессоры» академиялық атағына ие болды. Ректор Жанар Темірбекова мен ректор өкілі м.а. Нажи Генч арнайы куәлікті табыстады.
Сенат мәжілісі соңында Әділ Ахмет университеттің дамуына қатысты оң көзқарасын білдірді. Университет ректоры мен ұжымына алғыс айтып, ортақ жұмысқа табыс тіледі.