«ЖАҚСЫЛЫҚҚА ЖЕТЕЛЕЙТІН ЖАНДАР» ТАҚЫРЫБЫНДА ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ



Іс-шараны Түркістан облысы Аналар кеңесінің төрағасы, ардагер ұстаз, профессор Гүлсара Тоққұлова ұйымдастырды.
Кездесу барысында профессор Дариға Князбекқызы ұрпақ тәрбиесі, білім мен руханияттың қоғамдағы орны жөнінде мазмұнды ойларын бөлісті. Сонымен қатар, «Аналар мектебінің» төрайымы Балтагүл Оспанқызы отбасы құндылықтарының маңызына тоқталып, баяндама оқыды.
Шара барысында ҚХА жанындағы Аналар кеңесіне қарасты әжелер ансамблі ұлттық ән орындап, кештің рухани мазмұнын тереңдете түсті.
Іс-шара соңында профессор Дариға Князбекқызына университет ректорының Алғыс хаты табысталды.