❝Ілім – жүрекке жарық, ақылға шам.❞
     Ахмет Ясауи
ESC жабу үшін

СТУДЕНТТЕРІМІЗ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «ASTANA TECH CUP–2026» ЧЕМПИОНАТЫНДА ҮЗДІК АТАНДЫ

  • 09.02.2026
  • KZ
  • 68

image

Астана қаласында, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде өткен «ASTANA TECH CUP–2026» республикалық чемпионатында студенттеріміз жоғары кәсіби дайындығын танытып, бірқатар жүлделі орындарға ие болды. 

Айтулы байқау жас ғалымдар мен инноваторлардың ғылыми-техникалық әлеуетін шыңдап, үздік жобаларды анықтауға бағытталды.

Сайыста Entrepreneurship Challenges категориясы бойынша «Turkistan STEM+VR Innovators» командасы І орын иеленді. Студенттер «Цифрлық STEM зертханаларды қалыптастыру: 3D басып шығару мен виртуалды шындықты (VR) енгізудің технологиялық және экономикалық тиімділігі» тақырыбындағы жобасын сәтті қорғады. Команда құрамында Б.Шүкірбай, Б.Тулеутаев, Н.Калкөз болса, жетекшісі – PhD, аға оқытушы Б.Курбанбеков.

Осы бағытта тағы екі командамыз да жоғары нәтиже көрсетті. Атап айтар болсақ, Yasawi NanoTeam ІІ орынға (мүшелері: Ш.Абдужаппаров, З.Балтабаев), ал Yasawi Tech ІІІ орынға (мүшесі: Д.Патчаханов, жетекшісі: ғылыми қызеткер К.Келесбаев) ие болды.

Rally Drone Racing категориясында дронды дәл әрі қауіпсіз басқару, жылдамдық пен маневр көрсету бойынша Yassawi AeroRally командасы І орынды жеңіп алды. Команда мүшелері – М.Сайдазим мен А.Сүлейменов, жетекшісі – PhD, аға оқытушы Б.Курбанбеков.

Сонымен қатар «Мектеп–Университет» сабақтастығы аясында Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті қаржыландырған STEM саласындағы гранттық жобалар (жетекшісі – PhD, қауымдастырылған профессор Ш.Раманкулов) шеңберінде дайындалған мектеп оқушылары да түрлі аталымдар бойынша I, II және III орындарды иеленді.

Жеңімпаздар енді Түркияның Анталья қаласында өтетін халықаралық кезеңде еліміздің намысын қорғауға мүмкіндік алды.

Университет абыройын асқақтатып, жеңімпаз атанған барлық студенттерімізді құттықтай отырып, сәттілік пен табыс тілейміз!