ИГІ ДӘСТҮР ІЗІМЕН – ОҚУ ОРДАМЫЗДА АУЫЗАШАР БАСТАЛДЫ
Оқу ордамызда қасиетті Рамазан айының алғашқы күнінде университет қауымына арналған дәстүрлі ауызашар басталды. Орталық асхана, Филология факультеті және Кентау кампусында 1500-ге жуық адамға тегін тамақтану ұйымдастырылады.
Айта кетейік, еліміздегі және Түркия Республикасының азаматтары мен мекемелері жыл сайын университет қауымына қолдау көрсетіп, ауызашар береді. Айлардың сұлтаны – Рамазан айындағы бұл игі іс алдағы уақытта өзге де демеушілердің көмегімен жалғасын табады.
Университет Рамазанның алғашқы күнінде ақ дастархан жайып, студенттер мен қызметкерлердің басын қосты. Жылдан жылға жалғасқан үрдіс – баршаның жүрегінде жылы естелік қалдырары анық!