❝Ілім – жүрекке жарық, ақылға шам.❞
     Ахмет Ясауи
ESC жабу үшін

СЕНАТ МӘЖІЛІСІНІҢ №7 ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

  • 24.02.2026
  • KZ
  • 56

image

Оқу ордамызда Сенат мәжілісінің №7 отырысы өтті.  Оған Сенат мүшелері, Ғылыми кадрларды даярлау және аттестаттау бөлімінің басшысы, оқытушы-профессорлар құрамы қатысты.

Сенатта университет ректоры Жанар Темірбекова Спорт факультеті Дене мәдениеті кафедрасының аға оқытушысы Абдиманап Фазиловты ҚР Туризм және Спорт министрлігінің спортты дамытуға сіңірген еңбегі үшін төсбелгісімен және Дене мәдениеті кафедрасының профессоры Жақыпбек Қасымбековты 63 жас, Инженерия факультеті Электр инженериясы кафедрасының доценті, техника ғылымдарының кандидаты Аббазбек Қасымбековты 70 жас, Жаратылыстану ғылымдары факультетінің деканы профессор Раушан Нұрділләқызын 50 жас мерейтойларымен құттықтады.  

Күн тәртібіндегі мәселелер қаралды. Сапа менеджмент жүйесінің 2025 жылғы ішкі және сыртқы аудитінің нәтижелері туралы Ғылым және стратегиялық даму вице-ректоры Айнаш Ошибаеваның баяндамасы тыңдалды. 

Бұған қоса, Қазақстан Республикасының ЖОО-нан босаған Мемлекеттік грант орындарға үміткерлерді бекіту туралы Академиялық мәселелер вице-ректоры Элмира Идрисова баяндама оқыды. 

Сенат мүшелері университет ОПҚ-ның дайындаған оқулық, оқу құралы, мен монографияларын бекіту және баспаға ұсыну туралы шешім қабылдады. 

Жоғары білімнен кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша 2025–2026 оқу жылының қысқы кезеңінде қабылданған докторанттардың ғылыми жетекшілері және магистранттардың  ғылыми жетекшілері мен диссертация тақырыптарын бекіту, Докторанттардың тақырыптары мен жетекшілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы Ғылыми кадрларды даярлау және аттестаттау бөлімінің басшысы Абзал Досболовтың баяндамасында айтты.

Сонымен қатар, «Archeology of Turan» атты электронды журналын ашу туралы Археология ғылыми-зерттеу институтының директоры Көпжасар Жетібаевтың баяндамасы талқыланды.