«ҚАРЖЫЛЫҚ КАДРЛЫҚ МОНИТОРИНГ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЦИФРЛЫҚ ҚҰЗІРЕТТЕР ЖӘНЕ ТРАНСФОРМАЦИЯ» АТТЫ ПАНЕЛЬДІК СЕССИЯ ӨТТІ
Университетімізде «Қаржылық кадрлық мониторинг жүйесіндегі цифрлық құзіреттер және трансформация» атты панельдік сессия өтті. Айтулы жиын қаламызда өтіп жатқан «Цифрландыру және жасанды интеллект дәуіріндегі қаржылық қауіпсіздік» форумының аясында ұйымдастырылды.
Басқосуға Түркістан, Шымкент, Қызылорда және Жамбыл облыстары бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменттерінің басшылары – Ерболат Балғабаев, Бақыт Қайшыбеков, Аслан Кеңесұлы және Руслан Касимов қатысты.
Панельдік сессияның негізгі мақсаты – қаржылық кадрлық мониторинг жүйесіндегі цифрлық құзіреттерді дамыту, білім беру трансформациясы, дуальды оқыту, киберқауіпсіздік және жасанды интеллекттің құқықтық және институционалдық аспектілерін талқылау.
Жиын модераторы – Әлеуметтік-мәдени даму вице-ректоры Еділ Төлегенов болды. Ол өз сөзінде: « Бүгінгі таңда цифрландыру мен жасанды интеллект технологиялары қаржы жүйесін ғана емес, кадрлық басқару, моноторинг және қауіпсіздік салаларын түбегейлі өзгертті. Әсіресе қардылық мониторинг жүйесінде жаңа буын мамандарына қойылатын талаптар артып, цифрлық құзыреттер, аналитикалық ойлау және деректермен жұмыс істеу қабілеті негізгі факторға айналды»,-деді.
Сондай-ақ, Еділ Төлегенов аталған мәселелер тұрғысында университетімізде ғылыми-инновациялық бағыттағы білім беру мен тәжірибені ұштастыру арқылы қаржылық қауіпсіздік саласында білікті кадр даярлауға ерекше мән берілетінін айтты. Оқу ордамызда жүзеге асырылып жатқан білім беру бағдарламалары, ғылыми зерттеулер мен халықаралық ынтымақтастық – цифрлық трансформация талаптарына жауап беретін жаңа форматтағы мамандар қалыптастыруға бағытталғанын атап өтті.
Келесі кезекте, Қаржылық мониторинг агенттігінің Кадр жұмысы департаментінің басшысы Данияр Тұрғанбаев бүгінгі жиынның маңызына тоқталып, барша қатысушыға алғыс білдірді. Сонымен қатар, кадр жұмысы департаментінің қызметі мен алға қойған мақсаттары жөнінде айтты.
Жиын барысында ҚР ҚМА Кадр жұмысы департаментінің кадрлық әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Айгерім Парменова «Дуальды оқыту» тақырыбында баяндама оқыды.
Ал, ҚБТУ ІТ мектебінің деканы Азамат Иманбаев өзі қызмет ететін ҚБТУ-да студенттер қаржылық қылмысқа қатысты дипломдық жобалар мен ғылыми жұмыстар жасап жүргенін айтты. Сондай-ақ, цифрландыру жүйесіндегі өзекті мәселелер мен жасанды интеллекттің рөлі туралы ой қозғады.
Оқу ордамыздың Әдістемелік жұмысты ұйымдастыру бөлімінің басшысы Ермахан Шахабаев «Қазақстан Республикасында заң білімін цифрлық трансформациялаудың негізгі үрдістері»тақырыбында өз ойын ортаға салды.
Жиын барысында Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің Білім беру бағдарламаларын үйлестіру және оқу үдерістерін жоспарлау басқармасының басшысы, PhD, философия докторы Ақмарал Бұхарбаева Микробіліктілік бағдарламалары және оларды тану қағидалары жайлы тың ақпараттар берді. Сонымен қатар, Шымкент, Тараз, Алматы қалаларынан келген өзге де қонақтар баяндамаларын оқыды. Басқосуда «Цифрландыру дәуіріндегі киберқылмыс:қаржылық қауіпсіздікке төнетін жаңа қатерлері», «ЖИ: генеративті модельдер және өнеркәсіптік инжинирнгтен туындайтындар: азаматтық құқықтық трансформациясы» сынды т.б тақырыптар талқыланды.