❝Ілім – жүрекке жарық, ақылға шам.❞
     Ахмет Ясауи
ESC жабу үшін

БЕРЕКЕЛІ РАМАЗАН: ҚҰРМЕТТІ ҚОНАҚТАР ҚАТЫСҚАН АУЫЗАШАР КЕШІ ӨТТІ

  • 26.02.2026
  • KZ
  • 30

image

Қасиетті Рамазан айында оқу ордамызда университет қауымына арналған дәстүрлі ауызашар кеші ұйымдастырылды. Игі шараға  Өкілетті Кеңес Мухиттин Шимшек, Түркия Дін істері басқармасының басшы орынбасары Хафиз Осман Шахин, Түркия Республикасының Түркістандағы Бас консулы Левент Гүржан, Қазақстан Дін істері басқармасының өкілдері, ТРТ телеарнасының өкілдері, ректор Жанар Темірбекова мен ректор өкілі м.а Нажи Генч бастаған профессор-оқытушылар құрамы, қызметкерлер мен студенттер қатысты.

Ауызашар барысында азан шақырылып, жиналған жамағат бірлесе дұға жасап, ауыз ашты.

Бүгінгі ауызашар дастарханына демеушілік жасаған – Түркия Республикасы Діни істері басқармасы мен Түркия Диянет қоры. 

Айта кетейік, жыл сайын еліміздегі және Түркия Республикасындағы бірқатар азаматтар мен мекемелер  қолдау білдіріп, Ораза айы бойы университетімізде тегін ауызашар беріледі.

Кештің көркін қыздырған сәттердің бірі – Өнер, дизайн және медиа факультетінің студенттері орындаған Жарапазан болды. Ұлттық дәстүрді жаңғыртқан жастардың өнері жиналған қауымның ыстық ықыласына бөленіп, кештің рухани әсерін арттыра түсті.

Айлардың сұлтаны – Рамазан айындағы бұл игі дәстүр алдағы уақытта да өз жалғасын тауып, өзге де демеушілердің қолдауымен жалғасады.