УНИВЕРСИТЕТ ЖУРНАЛДАРЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФОРМАТТА ЖАҢАРТЫЛДЫ



Университетіміз ғылыми басылымдарды халықаралық стандарттарға сәйкестендіру бағытында маңызды қадам жасады.
2016 жылдан бері жарық көріп келген «Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Хабарлары (математика, физика, информатика сериясы)» журналы заманауи талаптарға сай жаңартылып, көпсалалы ғылыми басылым ретінде екі дербес журналға бөлінді.
Бұл өзгеріс ғылыми басылымдардың сапасын арттыру, халықаралық талаптарға сәйкестендіру және алдағы уақытта халықаралық ғылыми деректер базаларына ену мүмкіндігін кеңейту мақсатында жүзеге асырылды.
Енді журналдың құқықтық мирасқоры ретінде «Yassawi Journal of Engineering Science» және «International Journal of Energy and Applied Sciences» атауымен екі жаңа ғылыми басылым шығарыла бастайды.
Аталған журналдар Open Journal Systems (OJS) платформасында жұмыс істейді. Журналдардың жаңа сайты іске қосылып, 2026 жылдың наурыз айынан бастап ресми түрде жұмысын бастады.
Бұл бастама университет ғалымдарының ғылыми еңбектерін халықаралық деңгейде жариялауға және ғылыми зерттеулердің қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Сайт сілтемесі: https://publications.ayu.edu.kz/index.php/yjesc