СТУДЕНТІМІЗ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭКО-АМБАССАДОР АТАНДЫ



«StopMusor» әлеуметтік-экологиялық жобасының негізгі мақсаты –қоқысты сұрыптау арқылы еліміздің азаматтарын қайта өңдеу саласына жұмылдыру, «жасыл экономика» тұжырымдамасын дамыту. Тұрмыстық қалдықты жинауда халықтың мәдениеті мен әлеуметтік жауапкершілігін арттыру. Бұл жобаны Қазақстанның экологиялық ұйымдар қауымдастығы іске асыруда.
Еліміздің жастары арасында өткен республикалық Stop Musor жобасының конкурсында әр өңірден 48 өтінім келіп түскен. Байқау қорытындысы бойынша іріктеуден өткен 9 қатысушы Stop Musor жобасының ресми эко-амбассадорлары атанды.
Эко-амбассадор – бұл қоршаған ортаны қорғау идеяларын ұсынатын, экологиялық мәдениетті ұстанатын және өзгелерді қоқысты сұрыптауға, қоршаған ортаны қорғауға бағыттайтын табиғат жанашыры.
Студентімізді құттықтай отырып, алдағы жоспарларына сәттілік тілейміз!