❝Ілім – жүрекке жарық, ақылға шам.❞
     Ахмет Ясауи
ESC жабу үшін

АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚ: БАУЫРЛАС ЕЛДЕРДІҢ СТУДЕНТТЕРІ ОҚУ ОРДАМЫЗДА БІЛІМ АЛУДА

  • 11.03.2026
  • KZ
  • 60

image

Университетімізде екіжақты келісімшарт бағдарламасы және Орхун бағдарламасы аясында сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша шетелдік студенттер білім алуда. Аталған бағдарлама негізінде оқу ордамызға Түркия, Түрікменстан, Өзбекстан, Қырғызстан және Әзербайжан мемлекеттерінің жоғары оқу орындарынан студенттер келді.

Қазіргі таңда университетімізде екіжақты келісімшарт арқылы 16 студент, ал Орхун бағдарламасы бойынша 10 студент білім алып жүр.

Шетелдік студенттер көктемгі семестр бойы университетімізде оқып, өз оқу бағдарламаларын осында аяқтайды. Университет тарапынан оларға жатын орын ұсынылып, тегін тамақтану ұйымдастырылған.

Академиялық ұтқырлық бағдарламасы студенттердің білім мен тәжірибе алмасуына, мәдени байланыстарды нығайтуға және бауырлас мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты дамытуға мүмкіндік береді.

Университетімізге келген шетелдік студенттерге оқу барысында сәттілік, жаңа жетістіктер және жарқын болашақ тілейміз!