❝Ілім – жүрекке жарық, ақылға шам.❞
     Ахмет Ясауи
ESC жабу үшін

РАМАЗАНДА АЗЫҚ-ТҮЛІК ҚОРАБЫ ҮЛЕСТІРІЛДІ

  • 12.03.2026
  • KZ
  • 36

image

Қасиетті Рамазан айында университетімізде қайырымдылық шарасы ұйымдастырылып, «Азық-түлік қорабы» үлестірілді. Игі шара университет басшылығының ұйымдастыруымен және Түрік Ынтымақтастық және Үйлестіру Агенттігінің (TİKA) қолдауымен жүзеге асты.

Түрік Ынтымақтастық және Үйлестіру агенттігі – Түркия Республикасы Мәдениет және Туризм министрлігіне қарасты, халықаралық даму және гуманитарлық көмек көрсететін басты мекеме. Айлардың сұлтаны – Рамазан айында агенттік тарапынан екі ел арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайту мақсатында жалпы – 150 дана азық-түлік қорабы таратылды. 

Қайырымдылық шарасында университетіміздің ректор өкілі м.а Нажи Генч сөз сөйлеп, қасиетті айдағы игі істердің маңызына тоқталды.

«Қайырымдылық – қайырлы іс. Қасиетті айда бір-бірімізге ерікті түрде көмектесу ізгі амалдардың бірі. Сіздерге Түркия Республикасының ыстық лебізін, достық сәлемдемесін жеткізгім келді»,-деді. 

Университеттің «Титаник» асханасында ұйымдастырылған шара барысында 150 дана азық-түлік қорабы таратылды. Оның 120 данасы университет қызметкерлеріне үлестірілді. Атап айтқанда, шаруашылық департаментіне – 95, университет клиникасына – 5, Кентау кампусына – 15 қорап берілді. 

Сонымен қатар, азық-түлік қораптарының бір бөлігі қаладағы әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға табысталды.

Айта кетейік, бұған дейін №3 жатақхана студенттеріне Түріктің YDA Holding компаниясы тарапынан 80 дана азық-түлік қорабы таратылды.