ОҚУ ОРНЫМЫЗДА ЖАҢА ГАЛЕРЕЯНЫҢ ЛЕНТАСЫ ҚИЫЛДЫ

  • 19.04.2024
  • KZ

image

Университетімізде өтіп жатқан Түркі әлемінің бірінші Халықаралық география конгресі аясында оқу орнымыздың базасында «XI-XIX ғғ. Еуропалық және шығыс карталарындағы түркі мемлекеттері» атты Галереяның ашылу салтанаты өтті.

Галереяда Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Заманауи зерттеулер институтының директоры, саясаттану ғылымдарының докторы, профессор Мұхит-Ардагер Сыдықназаровтың зерттеу еңбектері нәтижесінде жинақталған XI-XIX ғасырлардағы түркі тілдес елдердің карталары қойылды.

Жаңа галереяның лентасын Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов, университетіміздің ректоры Жанар Темірбекова, картограф-ғалым Мұхит-Ардагер Сыдықназаров, сондай-ақ конгресске бауырлас Түркия, Қырғызстан, Өзбекстан және т.б елдерден келген ғалымдар қиыд қиды.

Зерттеуші Мұхит-Ардагер Сыдықназаров: «Қазақстан ғана емес, күллі түркі тілдес елдердің тарихынан сырт шертетін карталар галереясы алғаш рет Ахмет Ясауи университетінің базасында ашылып отыр», - деді.

Айта кетейік, галереяда Қазақстан, Түркия, Әзірбайжан, Түркменстан, Қырғызстан және Өзбекстан елдерінің ежелгі Еуропа және шығыс карталарындағы маңызы мен орны көрсетілген.