«ЯСАУИ ЛАГЕРІ» ЖАЗҒЫ МЕКТЕБІ АЯҚТАЛДЫ

  • 21.06.2024
  • KZ

image

Бүгін оқу ордамызда университетіміздің профессор-оқытушылары мен қызметкерлерінің балаларына арналған – «Ясауи лагері» жазғы мектебі өз мәресіне жетті.

Мектеп жасындағы балалардың жазғы демалысын қызықты әрі пайдалы өткізуді мақсат еткен лагерге 8-12 жас аралығындағы 60-қа жуық бала қатысты. 

Балалар апта бойы қызықты ойындар ойнап, бір-бірімен танысып, уақыт өткізді. Би билеп, ән шырқаумен қатар, түрлі спорттық додалар ұйымдастырылды. Бүлдіршіндер таза ауада, университеттің жасыл алаңында пикник жасады. Ботаникалық бақтың табиғи өнімдерінен жасалған сусындар мен ыстық бауырсақтан дәм татты. Сонымен қатар, Спорт және өнер факультетінің студенттері концерттік бағдарламалар мен қойылымдар қойып, балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлайды.

Лагердің соңғы күнінде балалар ата-аналарына жүрек жарды тілектерін арнап, хат жазды. Ал, хаттарды оқыған ата-аналар қауымы қуанышқа толы ерекше әсер алды. Балаларына көңілді лагерді ұйымдастырған университет басшылығы мен белсенді студенттерге алғыс білдірді.