АХМЕТ ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІМЕН ӨЗБЕКСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ӘЛЕМ ТІЛДЕРІ УНИВЕРСИТЕТІ АРАСЫНДА ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ КЕЛІСІМІ ЖАСАЛДЫ

  • 21.06.2024
  • KZ

image

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің, Қаржы және Халықаралық байланыстар вице-ректоры М.Нурсой мырза мен Өзбекстан мемлекеттік әлем тілдері университетінің Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректоры профессор А. Насиров арасында кездесу өтті.  

Кездесу Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ректоры Ж.А.Темірбекова мен Өзбекстан мемлекеттік әлем тілдері университетінің ректоры И.М.Тоқтасинов қол қойған ынтымақтастық меморандумы аясында өтті. Кездесуге қатысушылар  Қаржы және Халықаралық байланыстар вице-ректоры М. Нурсой, Халықаралық офис басшысы Р. Пайзиметова, профессор А.Насиров, доцент Д. Муитов университетаралық ғылыми зерттеулер, кадрлар даярлау, білім беру және әлеуметтік-мәдени қызмет салаларында екіжақты ынтымақтастықты дамыту мақсатында бірқатар мәселелерді талқылады. 

Оның ішінде: 

 бакалаврлар, магистранттар, докторанттар алмасу; 

- қысқа және ұзақ мерзімді тағылымдамадан өту үшін профессор-оқытушылар мен ғылыми қызметкерлермен алмасу;

- профессор-оқытушыларды тарта отырып, бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу, Эразмус жобаларына бірге қатысу, дәріс оқу үшін тараптардың өкілдерін шақыру; 

- тараптардың профессорлары мен оқытушылары арасынан докторанттарға ғылыми жетекшілерді тағайындауға; 

- өзара мүдделі салаларда жоғары білікті ғылыми-педагогикалық кадрлар мен мамандарды даярлаудағы ынтымақтастық; 

- оқу-әдістемелік жұмыстар, оқу жоспарлары мен бағдарламалары, өткізіліп жатқан іс-шаралар бойынша тәжірибе және ақпарат алмасу; 

- бірлескен ғылыми және оқу басылымдарын ұйымдастыру; 

Сапар барысында Өзбекстан мемлекеттік әлем тілдері университетінің өкілдеріне Халықаралық қазақ-түрік университетінің тарихы мен өмірі, онда жүргізіліп жатқан заманауи білім беру реформалары, студенттердің өмірі мен контингенті, сонымен қатар факультеттер дайындаған мамандықтар туралы ақпарат берілді . Сонымен қатар, университет кітапханасы мен ғылыми және сыртқы істер бөлімінің қызметімен таныстырды.