СПОРТШЫ СТУДЕНТТЕРІМІЗ ЕЛ МЕРЕЙІН ТАСЫТТЫ

  • 01.07.2024
  • KZ

image

Университетіміздің спортшы студенттері екі бірдей байрақты бәсекеде еліміздің намысын қорғап, жеңіс тұғырынан көрінді.

Иорданияның астанасы Аман қаласында Азия чемпионатында оқу ордамыздың студенттері жүлделі  ІІ орынды иеленді.  Боз кілемде Шұғыла Өмірбек 57 келі, ал Тыныс Дубек  62 келі салмақ дәрежесінде белдесіп, үздіктер қатарынан көрінді.

Грек-рим және әйелдер күресінен өткен чемпионатта  23 жасқа дейінгі спортшылар сынға түсті. Мерейімізді тасытқан балуан қыздарымыздың бапкерлері – Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Нұржігіт Ерімбетов және аға бапкер Қанат Тургараев.

Сонымен қатар, Қытайдың Макао қаласында ересектер арасында  спорттық және жауынгерлік самбодан Азия және Океания чемпионатында спортшы студентіміз Ұлболсын Адилова 80 кг салмақ дәрежесінде жеңімпаз атанды. 

Жаһандық додада абыройымызды асырған спортшымыздың бапкері – Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Абсадық Халилаев.

Байрақты бәсекеде жеңімпаз атанып тұғырдың биігінен көрінген спортшыларымыз бен бапкелерін шын жүректен құттықтаймыз!