УНИВЕРСИТЕТІМІЗДЕГІ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ІСІНІҢ ҮЗДІКТЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

  • 02.07.2024
  • KZ

image

Бүгін университетіміздің ректоры Жанар Темірбекова оқу ордамызда жылдар бойы қызмет етіп келе жатқан, денсаулық сақтау ісінің үздіктерін ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің алғыс хаты және арнайы төсбелгілерімен марапаттады.

Атап айтқанда, Тұрсынай Момынова мен Күмісай Бабаеваға «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісі, Эльмира Искандирова және Гүлназ Нұсқабаеваға «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгілері табысталды. Ал, азаматтардың денсаулығын сақтау ісіне қосқан жеке үлесі мен мінсіз адал еңбектері үшін Нүрпейіс Төлежанов, Гүлнара Илясова және Перизат Калменовалар «Құрмет Грамотасына» ие болды. Сондай-ақ, денсаулық сақтау саласын дамытуға қосқан үлесі мен жемісті еңбектері үшін Мира Жүнісова мен Меруерт Даулетова марапатталды.

Ректор Жанар Темірбекова марапатқа ие болған қызметкерлерге университетімізге ғана емес, ел мүддесі мен денсаулық сақтау саласында сіңірген зор еңбектері үшін ризашылығын білдірді. Өзінің жүрек жарды құттықтау тілегін айтып, гүл шоқтарын табыстады.

Денсаулық – зор байлық. Ұлтымыздың денінің саулығымен қатар, болашақ дәрігерлерді дайындауда тер төгіп келе жатқан әріптестерімізді айтулы марапаттарымен шын жүректен құттықтаймыз!