«ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ»  ЖУРНАЛЫ ҮЗДІКТЕР ҚАТАРЫНДА

  • 18.07.2024
  • KZ

image

Оқу ордамыздың мақтанышына айналған «Ясауи университетінің хабаршысы» журналы үздіктер қатарынан көрінді.

Маусым айында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету Комитеті ұсынатын ғылыми басылымдардың тізбесіне енгізу үшін журналдарға қойылған талаптар жаңартылды. Аталмыш талаптар негізінде еліміздегі барлық ғылыми журналдарға мониторинг жүргізіліп, сараптама жасалды. 

Нәтижесінде университетімізде 1996 жылдың желтоқсанынан бері қарай үздіксіз шығып келе жатқан «Ясауи университетінің хабаршысы» журналының екінші деңгейлі қатарға кіріп, Педагогика, Филология бағыттары Комитет тізбесіне енгенін қуана хабарлаймыз!

Айта кетейік, журнал 3 айда 1 рет жарық көретін журнал қазақ, орыс, түрік және ағылшын тілдерінде материалдар жариялайды.

Оқу орнымыздың ғылыми әлеуетін арттыруға үлес қосып келе жатқан ғылыми басылымның алдағы уақытта да биік деңгейге көтеріліп, жоғары жетістіктерге жете беруіне тілектеспіз!