ТҮРКИЯҒА ЖАЗҒЫ МЕКТЕПКЕ БАРҒАН СТУДЕНТТЕРІМІЗ ЕЛГЕ ОРАЛДЫ

  • 22.07.2024
  • KZ

image

Университетіміздің 40 студенті Түркия Республикасындағы жазғы мектепті сәтті аяқтап, елге оралды.

6 маусым күні оқу ордамыздың дәстүрлі жазғы мектебі басталды. Олар екі апта бойы Түркияның Анкара, Стамбул, Бурса, Чанаккале, Балыкесир, Билечик, Кония, Невшехир, Болу қалаларын аралады. 

Сондай-ақ Түркияның Ұлттық Білім Министрлігінің Бас басқармасына, Шетелдегі түріктер мен туысқан қауымдастықтар басқармасына, Болу Абант Иззет Байсал университетіне, университетіміздің Өкілетті Кеңесіне арнайы барды. Аталмыш орындарда студенттер Түркия гранттары, Түркияда білім алу мүмкіндіктері туралы кең көлемде ақпарат алды. Студенттерге арнайы сый-сияпаттар берді. Білім алушылар да қонақжайлылықтары үшін мекеме ұжымдарына алғыс білдірді.

Сонымен қатар студенттер тарихи және мәдени орындармен танысуға мүмкіндік алды.

Жоба соңында жетекшілер мен студенттерге арнайы сертификаттар табысталды.