УНИВЕРСИТЕТ ҒАЛЫМЫ РЕСМИ ТҮРДЕ ҒЫЛЫМИ ҚОҒАМДАСТЫҚҚА ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

  • 28.08.2024
  • KZ

image

Оқу орнымыздың жас ғалымы Фахриддин Саржанов Ұлттық ғылым академиясының Жас ғалымдар кеңесінің мүшесі ретінде ғылыми қоғамдастыққа ресми түрде таныстырылды. Сондай-ақ, Фахриддин Саржанов қазақ ғылымының атасы - Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың 125 жылдығына арналған медальмен алғашқылардың бірі болып марапатталды.

Бүгін Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Ұлттық ғылым академиясының жаңадан сайланған академиктерін ресми таныстыруға арналған салтанатты жиын өтті.

Алматы қаласындағы «Ғылым ордасы» ғимаратында өткен жиынға 42-ден аса ЖОО мен 40-қа жуық ғылыми зерттеу институттарының басшылары мен өкілдері, сондай-ақ 50-ден астам жас ғалымдар қатысты.

Қазақстан Республикасының ұлттық ғылым академиясының президенті Ақылбек Қажығұлыұлы Күрішбаев құттықтау сөзінде Қазақстан ғылымы саласындағы жүйелі реформалардың маңыздылығын және ғалымдардың салмақты дауысқа ие болатын жаңа басқару механизмін құру қажеттілігін атап өтті. 

Осы іс-шара аясында ҚР Президенті жанындағы ҚР Ұлттық ғылым академиясының Жас ғалымдар кеңесінің кеңейтілген отырысы ұйымдастырылды. Жиында жас ғалымдар кеңесінің төрағасы Жабагин Мақсат Қизатұлы кеңестің алты айлық жұмысы туралы есеп берді. Жиынға академиктер де қатысып, өзара сабақтастық қалыптасты. Жас ғалымдар отандық ғылымның дамуын талқылап, тың ұсыныстарын айтты.

Жиында ҚР Президентінің жанындағы ҚР Ұлттық ғылым академиясының Жас Ғалымдар Кеңесі Президиумы мүшелері қазақ ғылымының атасы - Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың 125 жылдығына арналған медальмен алғашқылардың бірі болып марапатталды.