2024-2025 ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ СЕНАТ МӘЖІЛІСІ ӨТТІ

  • 29.08.2024
  • KZ

image

Бүгін университетімізде 2024-2025 оқу жылының бірінші Сенат мәжілісі өтті. Жиынға Өкілетті Кеңес төрағасы Мухиттин Шимшек, Сенат мүшелері, құрылымдық бөлім басшылары, оқытушы-профессорлар құрамы қатысты.

Басқосуда алғы сөз алған Өкілетті Кеңес төрағасы Мухиттин Шимшек жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады. Сондай-ақ 2024-2025 оқу жылында алға қойған мақсаттар және жақсы жаңалықтар туралы айтты.

Мәжілісте күн тәртібіндегі негізгі мәселелер бойынша баяндамалар жасалды. 

Сенат хатшысы Алия Куралбаева «2024-2025 оқу жылындағы Сенат және Басқару Кеңесінің құрамына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және «Университет Сенатының 2024-2025 оқу жылындағы жұмыс жоспарын бекіту» туралы мәліметтерді жеткізді. 

Сонымен қатар, Университет ОПҚ-ның құжаттарын ғылыми атақ алу үшін ҚР ҒЖБМ Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетіне ұсыну туралы; Университет ОПҚ-ын профессор, доцент міндетін атқарушы қызметіне ауыстыру туралы сынды маңызды мәселелер қаралды. 

Сенат бұдан әрі университетіміздің оқытушы-профессорлар құрамын марапаттау рәсімімен жалғасты. Университет ректоры Жанар Темірбекова және ректор өкілі Наджи Генч, ең алдымен, 3 жыл көлемінде Әлеуметтік-мәдени даму вице-ректоры қызметін атқарған Асқар Тұрғанбаевқа алғыс айтып, қазақ дәстүрі бойын иығына шапан жауып, еңбегі үшін алғыс айтты. 

Өткен оқу жылдарында факультет деканы, Сенат хатшысы және Сенат мүшесі лауазымдарында жемісті еңбек етіп, қызметін ауыстырған бірқатар азаматтар да марапатталды.

Сондай-ақ, Инженерия факультетінің оқытушысы Бекарыс Зейналиұлын 60 жас мерейтойымен құттықтап, арнайы сый-сияпат табысталды.