ӨКІЛЕТТІ КЕҢЕС ТӨРАҒАСЫ «ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫН АЛДЫ

  • 29.08.2024
  • KZ

image

Бүгін Түркістанның төрінде облыс әкімі Дархан Сатыбалдының қатысуымен, 30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституция күніне арналған мерекелік жиын өтті. Іс-шарада облысымыздың дамуына өлшеусіз үлес қосқан бірқатар азаматтар құрметке бөленді. Марапат иегерлерінің қатарында оқу ордамыздың Өкілетті Кеңес төрағасы Мухиттин Шимшек те болды.

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды түркі халықтарының рухани астанасының өркендеуіне орасан үлес қосып келе жатқан оқу орнымыздың Өкілетті Кеңес төрағасына «Түркістан облысының құрметті азаматы» төсбелгісін табыс етті.

Төрағамыз Мухиттин Шимшек әрдайым қазақ-түрік бауырластығының нығаюына, қоғамға пайдалы жобаларды іске асыруға белсенді қатысып, түрлі жағдайларда қолдан келген көмегін аянып қалмайды. Соның бір ғана мысалы, елімізде су тасқыны болған уақытты Өкілетті Кеңес төрағасы Мухиттин Шимшек түркиялық бауырлардың атынан қосымша 3 млн теңге қаражат жіберіп, жанашырлық танытқан еді.