ОҚЫТУШЫЛАРЫМЫЗ «БОЛАШАҚ» СТИПЕНДИЯСЫНЫҢ ИЕГЕРІ АТАНДЫ

  • 05.09.2024
  • KZ

image

Университетіміздің 3 бірдей оқытушысы «Болашақ» стипендиясының иегері атанды.

Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның шешімімен 183 қазақстандық «Болашақ» халықаралық стипендиясына ие болды.  Оның ішінде 33 қазақстандық ғалымға әлемнің жетекші ғылыми-зерттеу орталықтарында ғылым және экономика үшін аса маңызды бағыттар бойынша ғылыми тағылымдамадан өтуге гранттар бөлінді. 

Айтулы стипендияға ие болған оқытушыларымыз: 

1. Медицина факультеті, Қоғамдық денсаулық сақтау және ғылыми зерттеулер кафедрасының меңгерушісі, Ph.D, аға оқытушы – Омарова Балнұр Әділбекқызы. 

2. Медицина факультеті, Фундаментальды ғылымдар кафедрасының меңгерушісі, Ph.D, доцент м.а. – Саржанов Фахриддин Нурмахамедович. 

3. Жаратылыстану факультеті Биология кафедрасының , Ph.D, аға оқытушы – Саржанова Шахноза Мамаджановна.

Әріптестеріміз Америка Құрама Штаттарының Сан-Диегодағы Калифорния университетіне  «Қоғамдық, экологиялық және кәсіби денсаулық сақтау» және «Микробиология» ғылыми бағыттары бойынша жолдамаға ие болды. 

Осылайша, оқытушыларымыз әлемнің үздік жоғары оқу орнында 1 жыл ғылыми тағылымдамадан өтуге мүмкіндік алды.

Әріптестерімізді шын жүректен құттықтай келе, алдағы жұмыстарына сәттілік тілейміз!