ТЕРРОРИЗМГЕ ҚАРСЫ ЖӘНЕ ДІНИ АХУАЛҒА БАЙЛАНЫСТЫ ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

  • 06.09.2024
  • KZ

image

Бүгін оқу ордамызда Түркістан облысы әкімінің тапсырмасына сәйкес, терроризмге қарсы және діни ахуалға байланысты Түркістан қаласында орналасқан жоғары оқу орындар мен колледж басшыларына арналған профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізілді. Іс-шараны Қазақстан Республикасы Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті Түркістан облысы бойынша департаментінің ұйымдастырды.

Жиынға ҚР ҰҚК Түркістан облысы бойынша департаментінің өкілі Сейіт Сұлтанов пен Түркістан облысы Дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің теолог маманы Бердуәлі Өтеген  және өзге де жоғары білім беру мекемелерінің өкілдері қатысты.

Шара барысында дәстүрлі емес діни ағымдардың қоғамға тигізер зияны мен жастарды одан қорғаудың маңызы сараланды. Студенттерге дұрыс жол нұсқау, жат ағымнан сақтау мақсатында түсіндірме жұмыстарын жүргізу бойынша тың ақпараттар айтылды.

Сонымен қатар, дәстүрлі емес діни ағымдардың таралу жолдары, олардың мақсаттары қандай деген сауалдарға дінтанушы мамандар жауап берді.