«FREEDOM GRANTS» БІЛІМ ГРАНТЫНЫҢ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

  • 06.09.2024
  • KZ

image

Бүгін «Freedom Grants» білім беру жобасының иегерлеріне грант сертификаты табысталды.

Жиынға академиялық мәселелер жөніндегі вице-ректор Эльмира Идрисова, «Фридом Банк Қазақстан» акционерлік қоғамының Шымкент қаласындағы филиалының басшысы Рысбек Рахметов, басшы орынбасары Данияр Жамбылов, Түркістан қаласындағы бөлімше басшысы Берік Арыстанбаев және студенттер қатысты.

«Сіздер таңдап отырған мамандықтар бойынша грант негізінде білім алу әркімге бұйыра бермесі анық. Сіздер енді университетіміздің ғана емес, демеушілік жасап отырған банктің да бір мүшесі боласыздар. Бұл сіздерге берілген мүмкіндік, үлкен сенім», - деді Эльмира Идрисова.

Рысбек Рахметов: «Біздің банк ел дамуы үшін атсалысып келеді. Құрылтайшымыз Тимур Турлов Қазақстан шахмат федерациясының президенті ретінде көптеген жобаларға демеушілік жасап келеді. «Freedom Grants білім беру жобасы да ел мүддесі үшін атқаралып жатқан жобалардың бірі. Дәл қазір осы мүмкіндікке ие болып отырған студенттерге диплом алғаннан соң да есігіміз ашық», - деді.

Жаңа оқу жылының басты жаңалықтарының бірі – «Фридом Банк Қазақстан» акционерлік қоғамы «Freedom Grants» білім беру жобасы аясында университетімізге арнайы гранттар бөлген еді. Білім грантына 15 талапкер ие болып, студент атанды. «Құқықтану», «Экономика», «Халықаралық құқық», «Есеп және аудит», «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандықтарының бакалавриат бағдарламасы бойынша оқу ақысын жоба негізінде «Фридом Банк Қазақстан» АҚ өз жауапкершілігіне алады.

Грант иегері атанған студенттерімізді шын жүректен құттықтаймыз!