ОҚУ ОРДАМЫЗҒА АМЕРИКАЛЫҚ ОҚЫТУШЫ САБАҚ БЕРУГЕ КЕЛДІ

  • 06.09.2024
  • KZ

image

Бүгін университетімізге Америка Құрама Штаттарынан Фулбрайт (Fulbright English Teaching Assistant program) бағдарламасының стипендиаты Грейс Макмиллан арнайы келді. Оқу ордамызда 1 жыл оқытушы қызметін атқаруға келген Грейс Макмилланды ең бірінші ректорымыз Жанар Темірбекова қарсы алды.

Жиын барысында ректор Жанар Темірбекова Грейс Макмилланды университетімізде көргеніне қуанышты екенін жеткізді. Алдағы уақытта ісіне сәттілік тілеп, студенттерге сапалы білім беріп, қызықты уақыт өткізітініне сенетінін айтты.

Грейс Макмиллан – АҚШ Мемлекеттік департаменті мен халықаралық білім беру институтының (IE) шешімімен Қазақстандағы студенттер мен оқытушылар және жастардың ағылшын тілін жетілдіру жөніндегі қызметі үшін Фулбрайт стипендиясына ие болған. Ол ендігі кезекте, Филология факультеті «Педагогикалық шетел тілдері» кафедрасында 1 жыл студенттерге дәріс береді. Сондай-ақ, студенттер мен ОПҚ-ның ағылшын тілінен сөйлеу дағдыларын дамытуға көмектеседі.

Грейс Макмиллан Массачусетс технологиялық институтында машина жасау инженері дәрежесін алған. Сонымен қатар, орыс тілі бакалавр дәрежесі, ересектер мен иммигрант балаларға ағылшын тілін үйретуден тәжірибесі бар.

Ол алдағы уақытта Фулбрайт бағдарламасының стипендиаты ретінде студенттерге арналған ағылшын тілінде сөйлесу клубтарын, оқыту семинарлары мен АҚШ мәдениеті, тарихы, географиясымен танысу сабақтарын өткізеді. Әрі, университеттің ағылшын тілі мұғалімдерімен тәжірибе алмасады.