❝Ілім – жүрекке жарық, ақылға шам.❞
     Ахмет Ясауи

СТУДЕНТТЕРІМІЗ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПӘНДІК ОЛИМПИАДАДА ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

  • 18.04.2025
  • KZ
  • 131

image

Студенттеріміз Қазақстан Республикасы ЖОО студенттерінің арасында өткен «Бастапқы әскери дайындықты оқыту әдістемесі» пәні бойынша XVI Республикалық пәндік олимпиадада жүлдегер атанды.

Халықаралық туризм және меймандостық университетінде өткен пәндік жарысқа 2,3,4-курс студенттері: Сұлтан Болыс, Бабажан Садулла, Олжас Сүлейменов, Мағжан Сапарбек қатысты. Білімгерлеріміз 14 университеттің ішінен оқ бойы оза шауып, командалық есеппен 3-орынды жеңіп алды. Сонымен қатар, жеке номинация бойынша тест тапсырмаларын орындау мен Әскери спорттық эстафета сайысынан 3-орынды иеленді.

Студенттерімізді айтулы олимпидаға дайындаған – «Дене тәрбиесі және бастапқы әскери дайындық» кафедрасының  аға оқытушысы, Запастағы полковник Бақытжан Қуанышбаев.