РЕКТОР ЖАНАР ТЕМІРБЕКОВАҒА АРНАЙЫ МЕДАЛЬ ТАБЫСТАЛДЫ

  • 08.05.2025
  • KZ

image

Университетімізде 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мен 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күніне арналған салтанатты шара өтті. 

Шара аясында ректор Жанар Темірбековаға ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасы Жанат Элимановтың атынан «Экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» медалі табысталды. 

Марапатты Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы Ерболат Балғабаев салтанатты түрде табыстап, университет ұжымын осы күнге дейінгі жоғары жетістігімен құттықтап, бірлесе атқарған еңбегі үшін алғыс білдірді. 

Республикалық деңгейде қаржы қауіпсіздігі тақырыбында өткен форумға атсалысып, елеулі үлес қосқан қызметкерлерге де арнайы марапат табысталды.