СТУДЕНТТЕРІМІЗ ПӘНДІК ОЛИМПИАДАЛАРДА ТОП ЖАРДЫ

І ОРЫН ИЕГЕРЛЕРІ
«Биология» білім беру бағдарламасының студенттері Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде өткен олимпиадада командалық есеп бойынша жеңімпаз атанды. Студенттер: Маржан Мәулен, Аяужан Құдайберген, Мадина Айтуған. Жетекшісі – б.ғ.к, доцент м.а. Құралай Әбдірайымова.
«Физика» білім беру бағдарламасының студенттері Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінде өткен пәндік олимпиадада жекелей және командалық есепте І орын алды. Студенттер: Әлішер Сүлейменов, Шүкір Әбдіжаппаров, Дияр Патшаханов. Жетекшісі – PhD, қауымдастырылған профессор Шерзод Раманкулов.
«Биология мұғалімдерін даярлау» бағыты бойынша Абай атындағы ҚазҰПУ-де өткен олимпиадада студентіміз Нұрғали Шәйменден І орын алды. Жетекшісі – т.ғ.к, қауымдастырылған профессор Ғани Исаев.
«Туризм» мамандығы бойынша «Ясауи» командасы «Терең тарихтан – жарқын болашаққа» ұранымен қатысып, І орынға ие болды. Студенттер: Зиевуддин Келдібеков, Жанна Ақжол, Ваннеса Тарабукина, Батыр Усенбеков, Айбек Тұрғанбек. Жетекшілері: факультет деканы Жақсылық Әкімов, декан орынбасары Ерсайын Сәбидолла.
«Ақпараттық технологиялар» бағдарламасы бойынша Атырауда өткен AI HUB Hackathon 2025 технологиялық байқауында университетіміздің «Dynamica» командасы І орынды иеленді. Студенттер: Сұлугүл Дәулетбекова, Саят Архарбеков, Ердаулет Тойбеков, Мадина Досмаханбетқызы, Нұрым Мырзахмет. Жетекшісі – магистр оқытушы Сердалиев Ерлан. Айта кетейік, І орын иеленген командаға 300 000 теңге сыйақы берілді.
Осы жетістіктер нәтижесінде бірнеше білім беру бағдарламасы бойынша 2026 жылы XVIII Республикалық пәндік олимпиада біздің университетімізде өтеді.
ІІ ОРЫН ИЕГЕРЛЕРІ
«Дене шынықтыру теориясы мен әдістемесі» бағдарламасы бойынша Ө.Жәнібек атындағы ОҚПУ-де өткен пәндік олимпиадада шәкірттеріміз ІІ орын иеленді. Студенттер: Құрманбай Жәния, Абдрасули Ақниет, Айдарбек Мейрамбек, Губенко Арина, Ерманова Назерке, Мухлисов Мухлис. Жетекшілер: филос.ғ.к., профессор Көпжасар Баетов, PhD, қауымдастырылған профессор Бағлан Ермаханов.
«Философия» білім беру бағдарламасының студенттері әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де өткен олимпиадада Теология факультетінің «Әзірет-Сұлтан» командасы ІІ орын алды. Студенттер: Айғаным Козтаева, Шапағат Шақпақбай, Мұхамедәлі Кеңесбек. Жетекшісі – PhD, аға оқытушы Нұрлыбек Жанықұлов.
«Ақпараттық технологиялар» бағдарламасы бойынша Павлодардағы Марғұлан университетінде өткен «Kuickhack-25» хакатонында ІІ орынға қолжеткіздік. Студенттер: Хинизов Миләз, Бақытжан Дархан, Исаев Нұрбек, Абдулахадов Ислам, Хинизов Руслан. Жетекшісі – қауымдастырылған профессор Гүлнұр Казбекова.
«Графика» БББ бойынша Т.Жүргенов атындағы Өнер академиясында өткен олимпиадада Утемисова Амина ІІ орынды иеленді. Жетекшісі – аға оқытушы Мұрат Шаханбаев.
«Сәндік қолданбалы өнері» пәні бойынша сол жарыста Мустапа Жібек ІІ орын алды. Жетекшісі – аға оқытушы Айдарша Мереке.
ІІІ ОРЫН ИЕГЕРЛЕРІ
«Халықаралық қатынастар» бағдарламасы бойынша Тұран университетінде өткен пәндік олимпиадада студеттеріміз Нұрбике Оңғарбай мен Абай Аңдасов ІІІ орын иеленді. Жетекшісі – қауымдастырылған профессор Айдарбек Әмірбек.
«Бастапқы әскери дайындықты оқыту әдістемесі» пәні бойынша Түркістанда өткен олимпиадада Болыс Сұлтан, Садулла Бабажан, Олжас Сүлейменов, Мағжан Сапарбек командалық есепте де, тест тапсырмалары мен әскери-спорттық эстафета бойынша жеке есепте де ІІІ орынға ие болды. Жетекшісі – аға оқытушы, запастағы полковник Бақытжан Қуанышбаев.
«Графикалық дизайнды жобалау» бағыты бойынша Т.Жүргенов атындағы Өнер академиясында өткен олимпиадада Утемисова Амина ІІІ орын алды. Жетекшісі – аға оқытушы Мұрат Шаханбаев.
«Сәндік қолданбалы өнері» пәні бойынша 2-курс студенті Қалберген Бекзат ІІІ орын иеленді. Жетекшісі: аға оқытушы Айдарша Мереке
«Дизайн» бағдарламасы бойынша 3-курс студенті Серікбай Каусар да тұғырдан көрінді. Жетекшісі: аға оқытушы Сейсембекова Меруерт.
«Көркем еңбек және графикалық дизайн» бағдарламасы бойынша Боранбай Нұрай жеңімпаздар қатарында. Жетекшісі – PhD, аға оқытушы Ержан Рысымбетов.
Шетел тілі: екі шетел тілі (түрік тілі) пәні бойынша Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде өткен бәсекеде шәкіртіміз Балнұр Шариатулла ІІІ орын иеленді. Жетекшісі – Адильбекова Эльмира.
Ағылшын тілі пәні бойынша Қ.Жұбанов атындағы университетте өткен олимпиадада Рано Акрамкулова да жүлделі оралды.
Бұл жетістіктер – университетіміздегі сапалы білім беру жүйесі және студенттер мен оқытушылардың еңбегінің жемісі. Білім жолындағы жеңістеріңіз құтты болсын!