ҒЫЛЫМИ КЕҢІСТІКТЕГІ ҚАЗАҚ ТІЛІ: УНИВЕРСИТЕТІМІЗДІҢ ҮЛЕСІ ЖОҒАРЫ БАҒАЛАНДЫ

Айтулы іс-шараны ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы мен ҚР Президенті жанындағы ҚР Ұлттық ғылым академиясы, Астана халықаралық университеті бірлесе ұйымдастырды.
Басты мақсат – Ғылыми кеңістікте мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту.
Семинарға жоғары оқу орындарының, ғылыми-зерттеу институттары мен орталықтардың мемлекеттік тілді дамытуға жауапты лауазымды тұлғалары, Ғылым, Жоғары және жоғары оқу орнынын кейінгі білім, Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеттерінің, Жоғары оқу орындары қауымдастығының өкілдері қатысты.
Ғылыми мақалалардың, диссертациялық жұмыстардың, ғылыми және ғылыми-техникалық жобалардың, құжат айналымның мемлекеттік тілде жазылуын қамтасыз етуде әкімшілік ұйымдастырушылық процесті жетілдіруді міндет еткен кеңесте вице-ректор Еділ Төлегенов те баяндама оқыды.
Атап айтқан да, «Қазақ тілі – ғылым тілі» симпозиумы: академиялық терминжасам мен ғылыми коммуникацияны қалыптастыру тәжірибесі» тақырыбында тың ақпарат берді.
Қатысушылар университетіміздің қазақ тілінің ғылым тіліне айналуы жолында жасап жатқан іс-шаралары мен тәжірибелерін тыңдап, жоғары баға берді.
Еске сала кетейік, кеше «Ясауи университетінің хабаршысы» журналы қазақ тілінде мақала шығаратын 200 университеттің ішінен «ТОП-9» қатарынан көрінгенін хабарладық. Бұл сүйінші жаңалық, дәл осы семинар-кеңесте айтылды. «Ясауи университетінің хабаршысы» журналы қазақ тілінде 50%-дан жоғары көрсеткіште материал дайындайтын, алдыңғы қатарлы ғылыми басылым ретінде көптің қошеметіне бөленді. Тіл жанашырлары мен ғалымдар бұл көрсеткіштің үлкен еңбек екенін айтты.