УНИВЕРСИТЕТІМІЗДЕ АЛҒАШ РЕТ IFMSA АКАДЕМИЯЛЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРАЛАДЫ

Тәжірибе барысында студенттер акушерия және гинекология бөлімінде кәсіби дағдыларын жетілдіріп, тәжірибелі дәрігерлердің жетекшілігімен науқастарды қабылдап, қарауға қатысады, диагностикалық және емдік шаралар жүргізеді және хирургиялық операцияларға ассистент ретінде қатысады. Мұндай мүмкіндік оларға медициналық білімін тәжірибемен ұштастырып, шетелдегі денсаулық сақтау саласымен танысуға жол ашады.
Айта кетейік, биыл университетімізде алғаш рет жүзеге асып жатқан IFMSA (SCOPE) кәсіби алмасу бағдарламасы – студенттер үшін тек кәсіби тәжірибе алаңы ғана емес, сонымен қатар басқа елдің мәдениетін тану мен халықаралық байланыстар орнатуға бағытталған маңызды платформа. Біздің университетіміздің студенттері үшін де кәсіби ынтымақтастық пен халықаралық достықтың жарқын көрінісі.
Медицина саласындағы осындай халықаралық әріптестік жобалар болашақ дәрігерлердің кәсіби дамуына, ой-өрісінің кеңеюіне және жаһандық деңгейде тәжірибе алмасуына зор үлес қосады.