Бүгін университетімізге Ө.Жәнібеков атындағы Шымкент педагогикалық университетінің ректоры Гүлжан Сүгірбаева және Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің ректоры Сәуле Рахматуллина келді.
Қонақтар “Серпін” бағдарламасы аясында оқу ордамызда атқарылып жатқан жұмыстармен танысып, қазіргі таңда қызу жұмыс істеп жатқан қабылдау комиссиясының қызметімен танысты.
Сонымен қатар меймандар университетіміздің мәдениет орталығына барып, ондағы көрме мен музейді тамашалады.