❝Ілім – жүрекке жарық, ақылға шам.❞
     Ахмет Ясауи

УНИВЕРСИТЕТ ТҮЛЕГІ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫНЫҢ ҚОЛЫНАН МАРАПАТ АЛДЫ

  • 29.08.2025
  • KZ
  • 349

image

Оқу ордамыздың Заң факультеті, Құқықтану мамандығының түлегі, Түлектер қауымдастығының төрағасы және құрметті профессоры, ҚР Конституциялық сотының төрағасы Эльвира Азимова Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолынан ІІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталды. 

Түлегіміз айтулы марапатқа 30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституция күні қарсаңында, «Конституция және мемлекеттілік: Құқық пен болашақ диалогы» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясында елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына, заңдылық пен тәртіпті нығайтуға қосқан үлесі үшін ие болды.

Эльвира Азимова университетімізде 1992-1996 жылдары білім алған. Түлегімізді айтулы марапатымен құттықтап, ел дамуы жолындағы ісіне табыс тілейміз!