❝Ілім – жүрекке жарық, ақылға шам.❞
     Ахмет Ясауи

«МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕ ЖАСТАРҒА БЕРІЛГЕН МҮМКІНДІКТЕР» АТТЫ СЕМИНАР ӨТТІ

  • 18.09.2025
  • KZ
  • 29

image

Оқу ордамызда «Мемлекеттік қызметте жастарға берілген мүмкіндіктер» атты семинар өтті. 

Іс-шараны Экономика және басқару факультеті мен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істер агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті ұйымдастырды.

Негізгі мақсат – жастар арасында мемлекеттік қызметтің мәртебесін көтеру, болашақ мамандарды кәсіби тұрғыда ынталандыру және мемлекеттік қызмет саласындағы ашықтық пен әділдік қағидаттарын кеңінен насихаттау.

Іс-шараға Мемлекеттік қызмет істер агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкіл Дархан Суртеков пен Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Түркістан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Жанар Ережепова қатысты.

Семинарды Дархан Суртеков ашып, қазіргі кездегі мемлекеттік қызметтің маңызы мен мүмкіндіктеріне кеңінен тоқталып, жастарға мемлекеттік қызметке келудің жолдары, кәсіби даму мүмкіндіктері туралы айтты. 

Сондай-ақ, мемлекеттік аппараттағы еңбек этикасы жөнінде жан-жақты ақпарат берді.

Экономика және басқару факультетінің деканы Узын Йылмаз студенттер үшін Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласына ұсынатын мүмкіндіктері орасан екенін еске салды.

Сонымен қатар семинарда «Жас мемлекеттік қызметші» мектебінің алғашқы түлегі, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік қызмет басқармасының бас маманы, түлегіміз Елбасы Ыдырысұлы мемлекеттік қызметтің ерекшеліктері жайлы баяндады.

Семинар барысында Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Түркістан облысы бойынша департаментінің Персоналды басқару қызметінің бас маманы Айгерім Отелова мемлекеттік қызметке іріктеу рәсімдері, жастарға арналған бағдарламалар мен кәсіби тәжірибе жинақтау тетіктерін түсіндірді. Әрі қатысушылардың сұрақтарына нақты жауаптар берді.

Іс-шараға қатысқан студенттер мемлекеттік қызметтің қазіргі даму бағыттары мен жастар үшін ұсынылып отырған жаңа мүмкіндіктер туралы тың ақпарат пен өз болашағына қатысты маңызды бағыт-бағдар алды.