❝Ілім – жүрекке жарық, ақылға шам.❞
     Ахмет Ясауи

«ХІІ БОЛГАР ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ МЕКТЕБІНІҢ» САЛТАНАТТЫ АШЫЛУ РӘСІМІ ӨТТІ

  • 19.09.2025
  • KZ
  • 333

image

Университетімізде «ХІІ Болгар халықаралық археологиялық мектебінің» салтанатты ашылу рәсімі өтті. Мектепті Университетіміз бен Орта Азиялық зерттеулер Халықаралық институты және Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты, Татарстан Республикасының Ғылым академиясы, А.Х. Халиков атындағы Археология институты бірлесе ұйымдастырды.

Айта кетейік, ХІІ Болгар халықаралық археологиялық мектебі II кезең бойынша өтеді. I кезең 12-25 тамыз аралығында Ресей, Татарстан Республикасы, Болгар қаласындағы Болгар мемлекеттік тарихи-сәулет мұражай-қорығында өтті. Ал бүгін мектептің II кезеңі оқу ордамызда басталды.

Мектепте Қазақстан, Ресей, Өзбекстан, Тәжікстан және Қытайдан келген 36 қатысушы бар. Олар: аспиранттар мен докторанттар және жас ғалымдар. Ал оларға Ресей, Венгрия, Греция, Қытай, Болгария елдерінің ғылыми және білім беру орталықтарының мамандары дәріс береді.

Мектептің мақсаты – әртүрлі елдердің ғылыми және білім беру ресурстарын ұсынатын ғалымдарды біріктіру, білім беру бағдарламалары арқылы жаһандық ғылымның соңғы жетістіктерін және әлемдік тарихи, мәдени мұраны зерттеу мен сақтау тәжірибесін ұсыну.

Ашылу салтанатында сөз бастаған ректор Жанар Темірбекова: «Археология ғылымының адамзат тарихын зерттеуде орны ерекше. Бұл археологиялық мектеп – тәжірибе алмасудың алаңы болып отыр. Мектеп аясында ғалым-мамандар өз саласындағы зерттеулердің негіздері мен әдістері жайлы баяндап, білімдерімен бөліседі.

Дәстүрлі түрде өткізілетін археологиялық мектебінде: археоботаника, археозоология, геоархеология, палеоатропология, консервация, реставрация, фотограмметрия, 3Д моделлдеу және т.б. салалар қамтылып, тажірибе алмасу арқасында зерттеулерді жоғарғы деңгейде жүргізуге жол ашады»,-деді.

Келесі кезекте, Орта Азиялық зерттеулер Халықаралық институтының директоры Эврен Рутбил, Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты Бас директорының ғылым жөніндегі орынбасары Әсемгүл Дәуренқызы мен Татарстан Республикасы Ғылым академиясының президенті Рифкат Минниханов, А.Х. Халиков атындағы Археология институтының басшысы Айрат Ғабитұлы құттықтау тілектерін жеткізді.

Айта кетейік, Археологиялық мектептің жаңа кезеңінде – «ЮНЕСКО-ның археологиялық нысандарын құжаттандыру» және «Ежелгі еңбек құралдарды зерттеуде эспериментті-трасологиялық әдістердің негізгі принциптері» атты секциялар жұмыс істейді. Мектептің II кезеңі 28-қыркүйекке дейін жалғасады.