❝Ілім – жүрекке жарық, ақылға шам.❞
     Ахмет Ясауи

№2 СЕНАТ МӘЖІЛІСІ ӨТТІ

  • 26.09.2025
  • KZ
  • 201

image

Бүгін университетімізде №2 Сенат мәжілісі өтті. Жиынға Сенат мүшелері, құрылымдық бөлім басшылары, оқытушы-профессорлар құрамы қатысты.

Басқосу әдеттегідей университетіміздің оқытушы-профессорлар құрамын марапаттау және мерейтойларымен құттықтау рәсімімен бастау алды.

Университет ректоры Жанар Темірбекова Өнер, медиа және дизайн факультетінің қызметкерлері: профессор, филология ғылымдарының докторы, өнертану кандидаты Тынысбек Қоңыратбай мен доцент, ҚР Мәдениет қайраткері Cауранбек Елеуовты 70 жас және аға оқытушы, ҚР Мәдениет саласының үздігі Ұлбосын Кулетованы 50 жас, аға оқытушы Салтанат Қырқынбекова мен аға оқытушы Раушан Нұржанқызын 50 жас, Филология ғылымдарының кандидаты, доцент м.а Гүлзира Шадинованы 50 жас мерейтойымен құттықтап, сый-сияпаттар табыстады.

Сонымен қатар, Хирургиялық аурулар кафедрасы, м.ғ.д., профессор Шора Сейидинов пен Фундаментальды медициналық ғылымдар кафедрасының профессоры, м,ғ,д. Ибрагим Ишиговты «Алтын дәрігер» төсбелгісіне ие болуымен құттықтады. Бұл төсбелгіні Республикалық «Ел құрметі» қоғамдық қоры ғалымдарымыздың қоғамның денсаулық сақтау саласына қосқан үлестері үшін табыстады.

Бұдан әрі күн тәртібіндегі негізгі мәселелер бойынша баяндамалар жасалды. Академиялық мәселелер вице-ректоры Эльмира Идрисова Сапаны ішкі қамтамасыз ету жұйесінің құрылымын бекіту туралы баяндады.

Сондай-ақ, 2025–2026 оқу жылында университетіміздің 1-курс студенттеріне Түрік тілін меңгеру сапасын арттыру, 2025-2026 оқу жылына «Қазақстан тарихы» пәні бойынша Мемлекеттік емтиханның комиссия төрағасы мен құрамын бекіту, Университет ОПҚ-ның дайындаған оқулық, оқу құралы, мен монографияларын бекіту және баспаға ұсыну, Қорытынды аттестаттау комиссиясы (ҚАК) төрағаларының есептерін бекіту, Магистранттар мен докторанттардың тақырыптары мен жетекшілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы т.б маңызды мәселелер қаралды.