❝Ілім – жүрекке жарық, ақылға шам.❞
     Ахмет Ясауи

БІЛІМ БЕРУ ҮДЕСІНДЕ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТТІ ПАЙДАЛАНУ БОЙЫНША СЕМИНАР ӨТТІ

  • 03.10.2025
  • KZ
  • 141

image

Оқу ордамызда «Білім беру үдерісінде жасанды интеллекттті пайдалану және енгізу: тәжірибелер, тәуекелдер мен құралдар» атты ғылыми семинар өтті. Жиынды Plagiat.pl компаниясының өкілі Ақмарал Кужиева жүргізді.

Іс-шараға факультет декандары мен орынбасарлары, кафедра меңгерушілері, ғылыми зерттеу пәндерінің оқытушылары, ғылыми жетекшілер, оқытушы-профессорлар құрамы, магистранттар мен докторанттар қатысты.

Семинардың мақсаты – білім беру саласына Жасанды интеллектті тиімді енгізу тәжірибелерімен бөлісу, оқу үдерісіндегі тәуекелдерді айқындау және оларды еңсеру жолдарын талқылау. Сондай-ақ, оқытуға арналған заманауи цифрлық құралдар мен әдістерді таныстыру.

Жиында спикер жасанды интеллекттің білім беру жүйесіндегі рөлі мен маңызы туралы құнды ақпараттармен бөлісті. 

Іс-шара соңында қатысушылар өздерін толғандырған сауалдарына тың жауаптар алды.