❝Ілім – жүрекке жарық, ақылға шам.❞
     Ахмет Ясауи

ОРХОН АЛМАСУ БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА ЖАҢА АКАДЕМИЯЛЫҚ КЕЗЕҢ БАСТАЛДЫ

  • 07.10.2025
  • KZ
  • 114

image

Университетіміз  халықаралық академиялық ынтымақтастықты одан әрі нығайта отырып, Орхон академиялық алмасу бағдарламасы аясында 2025–2026 оқу жылының күзгі семестрінде Түркия, Әзербайжан, Қырғызстан және Өзбекстан елдерінен профессор-оқытушыларды қабылдауды бастады.

Осы семестрде бағдарлама аясында:

             Түркияның Артвин Чорух университетінен 1 оқытушы,

             Әзербайжанның Баку Славян университетінен 1 оқытушы,

             Әзербайжанның Спорт академиясынан 2 оқытушы университетімізде дәріс пен семинарлар өткізуде.

Сонымен қатар, 2025–2026 оқу жылы бойы Қырғызстан мен Өзбекстанның таңдаулы жоғары оқу орындарынан келетін оқытушылармен де тәжірибе мен білім алмасу жалғасады. Қонақ оқытушылар өздерінің салалары бойынша дәріс оқып, семинарлар өткізіп, студенттерге түрлі елдердің академиялық тәжірибесін таныстырады.

Орхон алмасу бағдарламасы түркі дүниесінің жоғары оқу орындары арасындағы академиялық ұтқырлықты дамытып, білім мен мәдениеттің өзара алмасуын көздейді. Университетіміз осындай ынтымақтастықтар арқылы академиялық және мәдени тұрғыдан халықаралық беделін арттыруды жалғастырып келеді.