СТРАТЕГИЯЛЫҚ ДАМУ ЖӘНЕ САПА КОМИТЕТІНІҢ №1 МӘЖІЛІСІ ӨТТІ

Жиында комитеттің негізгі құрамы бекітіліп, жылдық жоспары қаралды. Сапа менеджменті жүйесінің ағымдағы жағдайы мен жұмыс көлемі жөніндегі есептері, 2024 жылдың ішкі аудитінің қорытындылары қарастырылып жетілдірудің жылдық жоспары мен түзету шараларын орындау бойынша құрылымдық бөлімдердің есептері талданды.
Сондай-ақ, 2025–2026 оқу жылына арналған ішкі аудиттің жоспары мен университеттің QS, THE рейтингтеріндегі көрсеткіштері талданып, жол карталары ұсынылды.
Мәжіліс жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қорытындысы ретінде университеттің дамуы мен жетілдіруінің басым бағыттары айқындалды.