❝Ілім – жүрекке жарық, ақылға шам.❞
     Ахмет Ясауи

ДӘСТҮРЛІ ФАКУЛЬТЕТАРАЛЫҚ СПАРТАКИАДА БАСТАУ АЛДЫ

  • 13.10.2025
  • KZ
  • 75

image

Университетімізде студенттер арасындағы XXXIV дәстүрлі факультетаралық спартакиаданың ашылу салтанаты өтті. 

Аталмыш спорттық дода – студент жастардың денсаулығын нығайтуға, спортқа қызығушылығын арттыруға және салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған маңызды шара. Сонымен қатар, жарыс нәтижесінде университетіміздің құрама командасы жасақталмақ

Ашылу салтанатында сөз бастаған әлеуметтік-мәдени даму вице-ректоры Еділ Төлегенов қатысушыларға сәттілік тіледі«Біздің оқу ордамыз XIII жазғы Универсиадада үздік нәтиже көрсетіп, жеңімпаз атанған болатын. Бұл – табандылық пен күш-жігердің жемісі. Жарыс бар жерде жеңіс те, жеңіліс те болады. Бастысы – бірлікте болып, достықты нығайту. Ясауи студенттері әрқашан биіктен көрінуі керек»,-деді. 

Спартакиаданың алғашқы күні эстафеталық жарыстан басталдыБиылғы жылы 11 команда волейбол, қол күресі, тоғызқұмалақ, кіші футбол, үстел теннисі, арқан тарту, эстафеталық және ату спорты ойындарынан өзара бақ сынайды. 

Спартакиада университет жастарының спортқа деген ынтасын арттырыпдостық пен бірлікті нығайтатын маңызды алаң болмақ.