❝Ілім – жүрекке жарық, ақылға шам.❞
     Ахмет Ясауи

ОҚУ ОРДАМЫЗДА ІШКІ АУДИТ БАСТАЛДЫ

  • 20.10.2025
  • KZ
  • 101

image

Университетімізде Стратегиялық даму, рейтинг және сапа орталығының ұйымдастыруымен Халықаралық ISO 9001:2015 стандарттарының талаптарына сәйкес, ішкі аудит басталды. 

Ішкі аудиттің ашылу жиынында ішкі аудиттің жоспары, тексерілетін бағыттар талқыланды. Университеттегі барлық құрылым бойынша ішкі аудитті жүргізуге 16 аудитор қатысады. Басқосуда барлық аудитор ішкі аудит этикасымен танысты. Аудиторлар аудит жүргізу барысында  әдеттегідей бақылау тізім парақтарын қолданады.

Жиналыс соңында аудиторлар сұрақтарын қойып, бірқатар ұйымдастырушылық мәселелер нақтыланды. Аудит тобы ашықтық пен серіктестік қағидаттары негізінде жұмыс жүргізетінін атап өтті.