УНИВЕРСИТЕТІМІЗДЕ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘНҰРАНЫ ШЫРҚАЛДЫ
Еліміздің мемлекеттігі жолындағы алғашқы қадамы болған тарихи күн үлкен маңызға ие. Мерейлі мереке қарсаңында жылдағы дәстүрге сай университет ұжымы мен студенттер әнұран шырқап, көк байрағымыз желбіреді. Алаңда әнұран айтқан қауымның патриоттық сезімі көрініс тапты.
Айтулы жиынға ректор Жанар Темірбекова мен әлеуметтік-мәдени даму вице-ректоры Еділ Төлегенов те қатысты.
Ректор Жанар Темірбекова: «25 қазан – еліміздің ең маңызды ұлттық мерекесі – Республика күні. Бұл күн – терең тарихымен ерекше. Себебі, бұл – бабаларымыз ғасырлар бойы аңсаған күн. Айтулы күнді дүйім жұртшылықпен қоса, университетіміздің ұжымы мен жастары да жоғары дәрежеде атап өтуде. Түрлі ресми іс-шаралар мен жиындар ұйымдастырылды. Осы орайда алаңға жиналып, мемлекеттік әнұранды үлкен мақтанышпен шырқаған ұжым мен студенттерімізге алғыс білдіремін. Келе жатқан Республика күні баршаңызға құтты болсын! Отбасыларыңызға амандық пен бақыт тілеймін!»,-деді.