КІТАПХАНАШЫЛАР КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ
Кітап - адамзат мәдениетінің сарқылмас қазынасы. Осы байлықты көздің қарашығындай сақтап, оқырман игілігіне ұсынатын, рухани әлемнің шырақшылары саналатын кітапханашылардың еңбегі қашанда құрметке лайық.
Осы орайда университетіміздің вице-ректоры Эльмира Идрисова мен Академиялық департамент директоры Ардақ Бостанова бастаған қонақтар кітапханашыларды кәсіби мерекелерімен құттықтап, жұмыстарына сәттілік тіледі.
Кеш барысында білімгерлер кітапханашыларға арналған өлеңдер оқып, әннен шашу шашты.
Кеш соңында Эльмира Идрисова кітапханашыларымызға өз ізгі ниетін білдіріп, сыйлықтар табыстады.