❝Ілім – жүрекке жарық, ақылға шам.❞
     Ахмет Ясауи

№3 СЕНАТ МӘЖІЛІСІ ӨТТІ

  • 28.10.2025
  • KZ
  • 180

image

Бүгін университетімізде №3 Сенат мәжілісі өтті. Жиынға Сенат мүшелері қатысты.

Басқосу әдеттегідей университетіміздің оқытушы-профессорлар құрамын марапаттау және мерейтойларымен құттықтау рәсімімен бастау алды.

Университет ректоры Жанар Темірбекова Кентау кампусының директоры Камалбек Беркимбаевты еліміздің жоғары білім және ғылым саласын дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Құрмет Грамотасына ие болуымен құттықтады.

Сонымен қатар, Жаратылыстану ғылымдары факультетінің доценті Әлия Сарыбаеваны 60 жас және Инженерия факультетінің аға лобаранты Алмагүл Қожахметқызын 50 жас мерейтойымен құттықтап, сый-сияпаттар табыстады.

Бұдан әрі күн тәртібіндегі негізгі мәселелер бойынша баяндамалар жасалды. Ғылыми кадрларды даярлау және аттестаттау бөлімінің басшысы А.Досболов Жоғары білімнен кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша (магистратура және докторантура) 2025-2026 оқу жылына қабылданған білімгерлердің ғылыми жетекшілерін, магистранттардың диссертацияларының тақырыптарын бекіту туралы баяндады. Ал, 2025-2026 оқу жылына арналған жоғары оқу орнына дейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларына білім алушыларды қабылдау қорытындылары туралы Қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы Н.Байбахов жеткізді.

Сондай-ақ, Университет ОПҚ-ның дайындаған оқулық, оқу құралы, мен монографияларын бекіту және баспаға ұсыну, Докторанттардың тақырыптары мен жетекшілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу, «Ясауи университетінің хабаршысы» журналының ребредингі және бағытын бөлу туралы т.б маңызды мәселелер қаралды.