❝Ілім – жүрекке жарық, ақылға шам.❞
     Ахмет Ясауи

РЕКТОР ӨКІЛІ НАЖИ ГЕНЧ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИР ЖЕҢІМПАЗДАРЫН МАРАПАТТАДЫ

  • 30.10.2025
  • KZ
  • 74

image

Түркістан қаласында «TURKESTAN CUP 2025» атты халықаралық турнир өтті. Жас спортшылардың басын қосқан додаға ректор өкілі м.а Нажи Генч қатысты. Турнир Қазақстан, Түркия, Өзбекстан, Қырғызстанның 2014-2016 жылы туған жасөспірімдер арасында өтті.

Басты мақсат – сайысқа қатысушы елдердің татулығы мен ынтымақтастығын нығайту. Сондай-ақ, жас спортшылар арасындағы футбол ойынын дамыту.

Жарыс әр жас санаты бойынша ұйымдастырылды. Соның ішінде, 2016 жылы туған жасөспірімдер командасынан 1-орынды Түркия Республикасының  «Фенербахче» командасы жеңіп алды. 

Университетіміздің ректор өкілі м.а Нажи Генч жеңімпаздарға арнайы кубокты табыстап, құттықтау тілегін жеткізді.