❝Ілім – жүрекке жарық, ақылға шам.❞
     Ахмет Ясауи

ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ БАСҚАРУ ФАКУЛЬТЕТІНДЕ БҰҰ САРАПШЫСЫМЕН ОНЛАЙН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

  • 30.10.2025
  • KZ
  • 57

image

Халықаралық еңбек ұйымы (ILO) Түркия кеңсесінің Миграция және босқындар мәселелері жөніндегі техникалық маманы Аниндя Датта Экономика және басқару факультетінің студенттері және оқытушы-профессорларымен онлайн кездесу өткізді. Белгілі маман Біріккен Ұлттар Ұйымының 80 жылдығына орай,  Дипломатиялық сұхбаттар сериясы аясында – «Адамзатқа қызмет ету: Бір кәсіби маманның Біріккен Ұлттар Ұйымындағы жолы» атты баяндамасын оқыды. Айтулы жиынды Экономика және басқару факультеті, Халықаралық қатынастар кафедрасы ұйымдастырды. 

Іс-шараның мақсаты – Халықаралық еңбек ұйымының (ILO) гуманитарлық бағыттағы қызметін таныстыру, БҰҰ жүйесіндегі кәсіби мүмкіндіктер мен босқындармен жұмыс саласындағы тәжірибені талқылау. Білім алушылардың халықаралық ұйымдардағы мансаптық бағдарын қалыптастыруға ықпал ету.

Жиын спикері – Халықаралық еңбек ұйымы (ILO) Түркия кеңсесінің Миграция және босқындар мәселелері жөніндегі техникалық маманы Аниндя Датта Бангладеш елінен шыққан халықаралық сарапшы. Соңғы 10 жылдан бері Азиядағы көші-қон, еңбек және әлеуметтік саясат бағытында қызмет етіп келеді. Бұған дейін БҰҰ агенттіктерінде, Швейцария Үкіметінде және халықаралық ҮЕҰ-ларда жұмыс істеген. Қазіргі уақытта ILO Түркия кеңсесінде осал топтарға бағытталған бағдарламаларды үйлестіреді. 

Маңызды кездесу соңында қатысушылар өздерін қызықтырған сауалдарына тың жауаптар алды.